Шығыс Қазақстан облысында полицейлер мен өрт сөндірушілер пиротехника сатылатын орындарды тексеріп жатыр. Рейд барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, котрабандалық тауарлар тәркіленуде. Өңірде пиротехникалық өнімдерді сатуға ресми рұқсат етілген төрт ұйым ғана бар. Ал қалған саудагерлер тиісті сертификатсыз жұмыс істеп келген. Былтыр заңсыз саудамен айналысқан кәсіпкерлерден 200-ден аса қорап фейерверк пен петарда тәркіленді. Арнайы флешмобта мамандар контрабандалық тауарлардың қаншалықты қауіпті екенін ерекше тәсілмен көрсетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.