Елордада этнофорум өтті. Re.Women Astana қауымдастығы ұйытқы болған ауқымды шараның басты тақырыбы ұлттық кодты сақтау болды. Көпшілікке ұлттың болмысы мен рухын айшықтайтын қолөнер бұйымдары ұсынылып, шеберлердің еңбегі мен шығармашылығы көпшілікке таныстырылды.
Ұлттық құндылық ұлықталған күн. Астанадағы Ұлттық музейде «Ұлттық код – ұрпаққа аманат» атты этнофорум өтті. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі арқылы өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруды, бабадан қалған мұраны бәсекеге қабілетті өнімге айналдыруды мақсат еткен бұл іс-шараға 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың арасында Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, мәдениет сарапшылары, дизайнерлер мен қолөнер шеберлері бар.
Форумның басты тақырыбы ұлттық кодты сақтаудың және оны креативті индустриялар мен этнотуризм арқылы заманауи экономикаға үйлесімді енгізудің жүйелі тәсілдері болды.
Осы ретте Қазақстанның бірегей мәдени капиталын экономикалық және әлеуметтік дивидендтерге айналдыру үшін жай популяризация ғана емес, заңнамалық және инфрақұрылымдық деңгейде жүйелі қолдау қажеті екеніне ерекше көңіл бөлінді. Экожүйе қалыптастыру керегі де баса айтылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.