«Жетінші арна» Disney мультфильмдерін көрсетеді

Желтоқсан айының соңы мен қаңтардың алғашқы күндері «Жетінші арна» көрермені үшін сүйікті Disney мультфильмдерінің мерекелік көрсетілімі болады. 27 желтоқсан күні сағат 16:00-де «Красавица и чудовище» мультфильмі жол тартса, 2 қаңтарда түскі сағат 13:00-де «В поисках Немо» мультхикаясын тамашалай аласыздар. Бұл – отбасы пен достық құндылықтар туралы шытырман оқиға. Ал 3 қаңтарда көрерменді «В поисках Дори» атты хикаяның жалғасы күтеді. Көрсетілім сағат 12:40-та басталады. «Жетінші арнада» сүйікті мультфильмдердің мерекелік көрсетілімі арқылы отбасыңызбен бірге уақыт өткізудің тамаша мүмкіндік болары сөзсіз.
———————————————