Жеке сот орындаушы астаналық әкеден 196 млн теңге алимент өндірді | 22.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СТУДЕНТ ШАБУЫЛЫ
Ұстазға пышақ ала жүгірген студент қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматыда болған оқиға көпшіліктің жағасын ұстатты. Жігіттің бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.

ТІС ЕМДЕУДЕГІ КІЛТИПАН
Бүгін үш жасар қыз баланың өліміне қатысты сот отырысы аяқталды. Оқиға елордададағы жеке тіс емханаларының бірінде болған еді. Ауа жетпегендіктен баланың миы ісіп, мерт болған.

САРАҢ ӘКЕ
Жеке сот орындаушы астаналық әкеден 196 млн теңге алимент өндірді. Сараң кәсіпкер 10 жыл бойы төлемнен жалтарып жүрген. Ақыры, табысының бір бөлігін туған балаларына беруге келісіпті. Осы оқиғадан кейін жеке сот орындаушының бәсі биіктеп, қызметіне сұраныс артты.

ҚАУІПСІЗ ЕЛ ҚАТАРЫНДА
Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз әрі бейбіт елдер арасында 56-орынға орнықты. Халықаралық экономика және бейбітшілік институты 163 елдің көрсеткішін саралап, осындай қорытындыға келген. Рейтингті әзірлеу кезінде тағы қандай критериилер ескерілді?

ҰЛТ КОДЫ
Елордада «Ұлт коды – ұрпаққа аманат» атты этнофорум өтті. Онда ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, қолөнер мен этноқұндылық дәріптеліп, салаға бет бұрған жас буынның жадына құйылды.