Астанада «Әскер тарланы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Елдің ең үздік әскери қызметшілері 27 номинация бойынша анықталды. Олардың қатарында ұшқыш, теңізші, мерген, саперлер бар. Айталық, арнайы операциялар күштерінің 20030 әскери бөлімінде қызмет ететін аға лейтенант Бақытжан Жайлаубаевтың ерлігі мен батылдығы «Жаужүрек» номинациясымен бағаланды, ал сержант Андрей Фукске «Әуе қорғаушысы» номинациясы бұйырды. Сондай-ақ «Жас сарбаз дауысы» номинациясы Жасмина Түзеловаға табысталды. Ал «Мерейлі отбасы» байқауында Әуе қорғанысы күштерінің 54835 әскери бөлімінде қызмет ететін майор Ерлан Шыналиевтің отбасы жеңімпаз атанды. Кәсіби байқау жеңімпаздары дипломдармен, атаулы мүсіншелермен және ақшалай сыйлықақылармен марапатталды.
ДӘУРЕН ҚОСАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
– «Әскер тарланы» – кәсіби шеберлікке, тәртіпке, жауапкершілікке, адалдыққа берілген нақты баға. Бұл марапат – сіздің еңбегіңізге берілген баға ғана емес, ертеңгі күнге жүктелген міндет. Жеңіс – мәртебе, ал мәртебе – жауапкершілік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.