Қарағандыда азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған ер адамның жазасы жеңілдетілді. Желтоқсанның басында ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда үкімге апелляциялық шағым түсіріліп, сот оны қанағаттандырды. Осылайша, айыптының жазасын өтеу мерзімі 6 жылға азайды. Айта кетейік, қыздарының үйлену тойынан кейін үйге оралған күдікті азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, орындықпен ұрған. Тістерін түгел қағып алып, беті мен мойнын, жауырын тұсын жаралаған. Ол жан тапсырып жатқанда, қан іздерін жуып, киімдерін тазалаған. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақырған. Ал қайтыс болған әйелдің артында үш қызы қалды. Күдікті бұған дейін де ұрлық пен шабуыл жасағын үшін істі болған. Енді жәбірленуші тарап апелляциялық алқа шешіміне шағымданбақ.
ЕВГЕНИЯ БОБИК, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:
— Мен адвокат жалдаймын. Соттан кейін істі қайта қарау үшін, баптың дұрыс қолданылмағаны және оның жазасының жеңілдетілгені жөнінде өтініш жаздым. Біз Жоғарғы сотқа жүгінеміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.