Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы тұтқындалды. Оған өңірге қажет медициналық қондырғыны үстіне артық баға қосып сатып алу ісіне араласты деген айып тағылып отыр. Мәселе 2 млрд теңге төңірегінде ушыққан. Бас прокуратура осылай мәлімдеді. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқарасмының орынбасары мен ауданның бас дәрігері және қондырғыны жеткізуші күдікке ілінді. Олар да қамауға алынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.