2027 жылы Астанада екі деңгейлі жол құрылысы басталады. Бұл – көлік кептелісін азайту үшін қолға алынып отырған ауқымды жоба. Өйткені қазірдің өзінде елордада 500 мыңға жуық автомобиль заңды тіркелген. Тағы 100 мыңға жуық көлік транзитпен қала арқылы өтеді. Сонымен қатар шаһар халқының саны 1,6 миллионнан асты. «Жалпы жыл сайын халық саны 100 мың адамға артып келеді», — деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.