Алматыда Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Қаралы жиында Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқыды.
Айта кетейік, 21 желтоқсанда белгілі кино және театр әртісі, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден озды. Ол шығармашылық жолында 30-дан астам рөл сомдап, «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Ермак», «Транссібір экспресі» секілді фильмдер арқылы қазақ киносында өшпес із қалдырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.