Жылдың үздік спортшысы кім? Ол дәл қазір Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан салтанатты кеште анықталады. «NAMYS» спорт сыйлығына кімдер лайықты? Жеңімпаздардың есімі белгілі ме?
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН, ТІЛШІ:
— Салтанатты шара енді ғана басталып жатыр. Сондықтан жылдың үздік спортшысы кім екені әлі жарияланған жоқ. Ұйымдастырушылар оның есімін құпия ұстап отыр. Айтпақшы, салтанатты рәсім басталмай тұрып, кеш қонақтары қызыл кілеммен жүріп өтті. Өте әдемі көрініс болды. Әдетте спорттық киімде көріп жүрген қыз-жігіттерімізді бүгін кешкі көйлекте, костюм-шалбарда тіпті танымай қалдық. Солардың арасында «Жыл серпіні» атанған Ақмарал Ерекешова бар. Ол – көркем гимнастикадан спорт шебері. Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасында чемпион болған қыз.
«NAMYS» спорт сыйлығы – жыл бойы жоғары нәтижелерімен көзге түскен, Астанадағы спорттың дамуына үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ұйымдары мен сала мамандарына табыс етілетін марапат. Барлығы 20 аталым бар. Атап айтсам, «Жылдың үздік спортшысы», «Пара-сурдо-инклюзивті спортшысы», «Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы», «Үздік жаттықтырушы», «Жыл серпілісі», «Үздік спорттық ұйым», «Үздік спорттық арна», «Үздік спорттық портал» деген сияқты аталымдар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.