2025 жыл өнер саласы үшін есте қаларлық тарихи жыл болайын деп тұр. Тіпті әлемдік деңгейдегі айтулы жетістіктер жылы болды десек артық емес.
Қазақтың мақтанышы, біртуар әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізіп, мыңдаған көрерменге қазақ өнерін паш етті. Биыл жас өнерпаздар да халықаралық аренада ел мерейін үстем етті. Ержан Максим, Александр Лим, Алмагүл Батталиев мен Ернар Садырбаев халықаралық өнер додаларында жеңімпаз атанып, еліміздің даңқын асырды. Ал ұлттық аналитика орталығы жаңа жыл қарсаңында жыл қорытындысын жасаған. Оған сәйкес отандық кинолар арасында үздіктер тізімі жарияланды. Олардың қатарында «Ауру», «Ыстық ұя» сияқты кинолар бар. Айтпақшы, Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 қаңтар күні 19:20-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Бұл отандық телевизиядағы алдғашқы көрсетілім болмақ. Жылдың ең көп касса жинаған фильмін біздің арнадан көріңіздер.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.