Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮКІМ ӨЗГЕРДІ
Қарағандыда азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған ер адамның жазасы 6 жылға азайтылды. Аппеляцияда осындай шешім қабылданды. Желтоқсанның басында ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
ТҰТҚЫНҒА АЛЫНДЫ
Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы тұтқындалды. Оған өңірге қажет медициналық қондырғыны үстіне артық баға қосып сатып алды деген айып тағылып отыр. Мәселе 2 млрд теңге төңірегінде ушыққан. Бас прокуратура осылай мәлімдеді.
ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛ
2027 жылы Астанада екі деңгейлі жол құрылысы басталады. Бұл – көлік кептелісін азайту үшін қолға алынып отырған ауқымды жоба. Өйткені қазірдің өзінде елордада 500 мыңға жуық автомобиль заңды тіркелген. Тағы 100 мыңдай көлік транзитпен қала арқылы өтеді.
ҚАЛАДАН АУЫЛҒА
Екі жылда 203 отбасы қаладан ауылға көшіп барды. Батыс Қазақстан облысында қолға алынған пилоттық жоба нәтижелі. Бағдарлама аясында қала тұрғындары жүзден астам елді мекенге қоныс аударған. Жергілікті билік қоныс аударушыларға барынша жағдай жасап жатыр.
ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІП
Жаңа жыл жақындаған сайын пиротехника саудасы қызады. Ерекше отшашу мен шыршаны айнала қойылатын түрлі түсті шамға сұраныс артады. Демек, қауіпсіздік мәселесі өзекті. Жыл соңында өрт көбейіп, жарылғыш заттан жарақат алатын адам саны артады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.