Астанада күйші, композитор Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтті

Астанада белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті. Шарада «Ақ жауын», «Ару ана», «Күлтегін» сынды күйлері орындалды. Композитордың айтуынша, бұл елге ковидтен кейін берілген есеп іспетті. Концертте Бибігүл Қилымхан, Гүлмира Сарина ән орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жалпы Секен Тұрысбековтің «Ақ сәуле», «Ұлы дала», «Дарабоз», «Өкініш», «Жазғы қар», «Көңіл толқыны» секілді 20 шақты күйі бар. Күйші кез келген туындыға аса жауапкершілікпен қарайтынын айтады. Өйткені шығарма тыңдарманның жүрек қылын қозғауы керек.
———————————————