Түркістан облысында жүргізуші шыршаны соғып құлатты. Түн ортасында Сарыағаш ауданының орталық алаңындағы жаңажылдық жасыл желекті жалп еткізген тұрғын ізін суытқан. Алайда көп ұзамай, полиция оны қолға түсірді. Жүргізуші шыршаны жай ғана бірнеше рет айналмақ болған. Алайда көлігі бағынбай, соғып кеткен. Енді ол шыршаны қалпына келтіруі қажет. Сондай-ақ оған әкімшілік шара қолданылып, көлігі айып тұрағына қойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.