Риддерде такси жүргізушісі алты жасар баланы қағып кетті

Риддерде такси жүргізушісі алты жасар баланы қағып кетті. Ойын баласы көпқабатты үйдің ауласынан жүгіріп шыққан. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалса керек. Өйткені бала өздігінен тұрып, жүре алатынын көзімен көрген. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған оқиға чаттарға тараған соң, полиция жүргізушіні анықтады. Бала ауруханаға жатқызылды. Оның кеудесі ауырсынып қалған. Көлік тәркіленіп, сараптама жүргізілуде. Тексеріс басталды.
———————————————