Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап, жарақат алды

Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап, жарақат алды. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, оқиға №104 бағыттағы автобуста болған. Қоғамдық көлік аялдамада аз тұрып, жүріп кеткен. Ал жолаушы түсіп үлгермеген. Сөйтіп, ол жол жиегіне құлаған. Автопарк өкілдерінің айтуынша, жүргізуші әйелді жеке көлікпен ауруханаға жеткізіп, ем-домына қажет қаражатты төлеген. Ал Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
ЗАРДАП ШЕГУШІ:
— Мен Борохолка жаққа бара жатқан едім. Алайда автобус жүргізушісі барлық адамның шыққанын күтпей есікті жауып, жүріп кетті. Дәл сол уақытта мен құлап түсіп, омыртқамды зақымдап алдым. Осында жатқаныма екі тәулік өтті. Бірақ маған құқық қорғау саласының бірде-бір өкілі келген жоқ. 102-ге бірнеше рет өзім хабарластым. Олар Жетісу аудандық полиция бөліміне сілтейді. Жөнді жауап ала алмай жатырмын.
———————————————