Ақмола облысында біреудің 24 құлынын ұрлаған ұры ұсталды. Ерейментау ауданының тұрғыны малының жоғалғанын бірнеше күннен кейін білген. Өйткені жылқы төлі жайылымда болған. Ауыл тұрғыны дереу полицияға хабарлайды. Тәртіп сақшылары іздеуге кірісіп, 49 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктінің басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды.
АЛМАГҮЛ ТҰРСЫНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Іздестіру іс шараларын жүргізу барысында полицейлер 49 жастағы күдіктіні анықтай алды. Ол ұсталып, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән жайлары, сондай ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені анықталуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.