Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралап, Астананы дамытуға арналған кеңес өткізді. Президент биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты. Oxford Economics 2025 рейтингінде, Астана Азия құрлығында 36-орын алғанын жеткізіп, елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керектігін ерекше атап өтті. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін, жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.