Өскеменде аймақтық талдау орталығы таныстырылды

Шығыс Қазақстан облысында цифрлық басқару тетігі іске қосылды. Өскеменде аймақтық талдау орталығы таныстырылды. Жобаны цифрландыру және архивтер басқармасы әзірлеген. Жаңа цифрлық платформа өңірде не болып жатқанын нақты уақыт режимінде көрсетіп, биліктің қай тұста жедел араласуы қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Орталықтың басты мақсаты – мәселелерді мүмкіндігінше ертерек байқап, оларды жедел шешу. Жылумен қамту мен қоқыс шығару түйткілдерінен бастап, экология, су тасқыны, жол-көлік оқиғалары және төтенше жағдайларға дейінгі барлық бағыт қамтылған. Жылу, жол және мердігерлер жұмысы да онлайн бақыланады. Мамандардың айтуынша, тәуекелдерді анықтай алатын және дауыс арқылы нақты нысан жөнінде ақпарат беретін ЖИ-ассистент іске қосылған.
———————————————