2026 жылдан бастап жәрдемақы мөлшері артады

Әрбір үшінші бала көпбалалы отбасында дүниеге келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, төртінші және одан кейінгі балаға берілетін жәрдемақы алушылардың үлесі соңғы 15 жылда 12 пайыздан 32,3 пайызға дейін өсті. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеудің қолданыстағы тетігін енгізу алушылар санының 2,4 есе артуына ықпал етті.
Атап айтқанда, 2019 жылы 252,1 мың отбасы жәрдемақы алса, 2025 жылғы 1 желтоқсанда бұл көрсеткіш 604 мың отбасына жеткен. Еске салайық, 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларды ынталандыру және әлеуметтік қолдау мақсатында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға балалар санына қарай сараланған мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
АЛТЫНЖАН МАЯСАРОВА, ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІ АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОЛДАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— 2025 жылдан бастап жәрдемақы мөлшері 6,5% және 2026 жылдан бастап жәрдемақы мөлшері 10% индекстеліп артады. 2025 жылдың 11 айдың қортындысына сәйкес, көпбалалы отбасына тағайындалатын жәрдемақыны барлығы 604 мың отбасы 484 мың млрд сомасына алды.
———————————————