Шымкент тұрғындары үшін жақсы жаңалық! Қалада төрт мұз айдыны ашылды. Ашық аспан астындағы жаңа локация қысқы демалысты одан әрі қызықте ете түспек.
Биыл Шымкенттің қысы ерекше әсерлі болмақ! Қала тарихында алғаш рет ашық аспан астында мұз айдыны іске қосылды. Мұз алаңы ашылғалы 17 жастағы Абдуали Байханов сабақтан соң бірден осында келеді.
Мұз айдыны ашылғалы белсенді демалысқа қызығатын тұрғындардың да саны артты. Келушілердің арасында алғаш рет коньки теуіп жатқандар көп.
Сырғанау алаңдары сапалы мұз жабынымен, заманауи жарықтандыру жүйелерімен және келушілерге арналған ыңғайлы инфрақұрылыммен жабдықталған. «Арнайы мұздатқыш технология температура +18°С-қа дейін көтерілген жағдайда да мұздың беріктігі мен тегістігін қамтамасыз етеді», — дейді жауаптылар.
ЖАРЫЛҚАСЫН МАШБЕК, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қаламызда үш мекенжайда 4 мұз айдыны ашылды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау, жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында жасалған дүние. Демеушілердің есебінен жасалды, мемлекеттен бірде-бір қаржы бөлінбеген. Біреуінің аумағы 1700 шаршы метрді қамтиды.
Ашық аспан астындағы мұз алаңдары тек жаңа жылдық демалыста ғана емес, ауа райы қолайлы болса, наурыз айына дейін жұмыс істейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.