Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛАНЫ ҚАҚТЫ
Риддерде такси жүргізушісі алты жасар баланы қағып кетті. Ойын баласы көпқабатты үйдің ауласынан жүгіріп шыққан. Ол ауруханаға жатқызылды.
АВТОБУСТАН ҚҰЛАДЫ
Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап, жарақат алды. Зардап шеккен әйел дер кезінде түсіп үлгермеген. Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
ҚҰЛЫН ҰРЛАДЫ
Ақмола облысында біреудің 24 құлынын ұрлаған ұры ұсталды. Оқиға Ерейментау ауданында болған. Полиция 49 жастағы күдіктінің басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауға кірісті. Малдың жартысы иесіне қайтарылды.
ЕЛОРДА ЕРТЕҢІ
Екі деңгейлі жол, ЛРТ жүрісі, бас жоспардағы басымдық. Елорданың ертеңі қандай болады? Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралады. Артынша бас шаһарды дамытуға арналған кеңес өткізді.
ЖАҢА МҰЗ АЙДЫНЫ
Шымкент тұрғындары үшін жақсы жаңалық! Қалада төрт мұз айдыны ашылды. Ашық аспан астындағы жаңа орындар қысқы демалысты одан әрі қызықты ете түспек. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға тағы қандай тосынсый әзірлеп жатыр?
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.