«Әзілдеймін» деп 3 бірдей баппен жауапқа тартылды

Жаңа жыл қарсаңында «әзілдеймін» деп Әкімшілік Кодекстің 3 бірдей бабымен жауапқа тартылды. Ақмола облысының Қараөткел ауылында ер адам жеңіл көлікті атша арқандап мініп, өнер көрсетті. Ал жүргізуші көлігімен дрифт жасады.
Автокөліктің жүк салғышының үстінде тұрып, шыр көбелек айналған сәтті олар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бейнежазба полицияны бейжай қалдырмады. Сөйтіп, трюк жасауға рұқсат берген 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Оған қауіпсіздік белдігін тақпағаны, жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны және маневр жасау қағидасын сақтамағаны үшін айыппұл салынды.
———————————————