Астанада тұрғын үй кооперативінің басшысы жетім балаларға бөлінген үйлерді заңсыз иемденген. Күдікті Айдын Байжұманов жалған құжат жасап, 170 пәтерді өзінің және сыбайластарының атына рәсімдеген. Кейін бұл пәтерлерді сатуды жоспарлаған. Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын мүлікті заңсыз иемдену әрекетінің жолын кесті. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Айта кетейік, Айдын Байжұманов бұған дейін ауқымды қаржы жымқыру схемасы үшін сегіз жылға сотталған.
ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А. Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған. Нәтижесінде, 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.