Алматыда 11 жыл бұрын анасын өлтірген қыз бала қолға түсті

Алматыда 11 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы Тергеу департаментінің басшысы Мұхтар Қожаев айтты. Зейнеткер әйелдің өліміне қатысты іс қайта жаңғыртылып, куәгерлер қайтадан жауапқа тартылған. Тергеу нәтижесінде қарияны кім өлтіргені анықталды.
МҰХТАР ҚОЖАЕВ, ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Алматы қаласында биыл тергеушінің біліктілігінің арқасында осыдан 11 жыл бұрын жасалып, зейнеткер азаматшаға қатысты қасақана кісі өлтіру ісі қайтадан көтеріліп, дәлелдемелерге толық талдау жүргізіліп, куәгерлер мен туыстарынан қосымша жауаптар алынып, олардың уәждерін тексеру барысында қылмыс ашылды. Дұрыс сұрақ қою, дұрыс тактика қолдану нәтижесінде қылмысты жасаған өзінің қызы болып шықты. Бұл қылмысты ол пайдакүнемдік мақсатта жасағаны белгілі болды.
———————————————