Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Президент бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысанды аралап, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездесті.
———————————————