Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Нәтижесінде, комиссия 225 азаматқа «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Орта есеппен бір орынға төрт үміткерден келген. Іріктеу сапасын арттыру мақсатында биыл үміткерлерге қойылатын талап күшейтілді. Келер жылы кәсіби тағылымдамаға «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» деген жаңа санат бекітілді. Сондай-ақ магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды. Жыл сайын бұл бағытқа 20 квота бөлінеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.