Шымкент биыл жаңа жылды ерекше сән-салтанатпен қарсы алып отыр. Көшелер мен алаңдар мерекелік шамдармен безендіріліп, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Қаланың әр бөлігінде жаңа жылдық инсталляциялар орналастырылып, тұрғындар үшін демалыс пен серуенге қолайлы орта қалыптастырылған. Биылғы өзгешелік орталық алаңда және қаланың 5 ауданында табиғи шыршалар орнатылып, қысқы көріністі одан әрі көркемдей түсті. Айта кетейік, биыл жаңажылдық безендіруге қала бойынша жалпы 99 миллион теңге қаражат бөлінді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.