Жетім балаларға бөлінген үйлерді заңсыз иемденген | 25.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
Қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болады. «Қазгидромет» ел бойынша дауылды ескерту жариялады. Республиканың біраз бөлігінде күн райы құбылады. Сондықтан тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында ресми хабарламаға құлақ асуға кеңес береді.

ЖЕТІМДІ ЖЫЛАТТЫ
Елордада әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға бөлінген пәтерлерді заңсыз иемдену дерегі әшкереленді. Баспананың жалпы құны 2,3 млрд теңгеге жеткен. Күдіктілер түгел ұсталып, қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

СӘТСІЗ ӘЗІЛ
Әзіл соңы сотқа ұласты. Ақмола облысында дрифт жасаған көліктің артына арқан байлап, мықтылығын көрсетпек болған жігіт жауапқа тартылды. Оған үш бап бойынша айып тағылды. Енді ол темір тұлпардың үстіне шықпастай болды.

11 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ҚЫЛМЫС
Алматыда 11 жыл жыл бұрын анасын өлтіріп, ұстатпай жүрген қыз бала қолға түсті. Ішкі істер министрлігінің өкілдері бұл ізкесушілердің тынымсыз еңбегінің жемісі дейді. Қылмысты ашуға салаға енгізілген жаңа технологияның да көмегі тиген.

ЕГІЗДЕР МЕКТЕБІ
Арыс қаласындағы Әліби Жангелдин атындағы білім ордасын жұрт «егіздер мектебі» деп атайды. Бұл мектепте қазір 17 егіз жұп білім алып жатыр. Арнамыздың түсіру тобы егіздер мекеніне барып, ерекше оқушылармен танысты.