Әскерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық өткізілді

Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді. Оның 17 мыңнан астамы түнде ұйымдастырылды. «Негізгі басымдық Құрлық және Десанттық-шабуылдау әскерлеріне берілді», — дейді қорғаныс министрлігінің өкілдері. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдерінде 760 жауынгерлік үйлестіру іс-шарасы өткізілген. Ал әскери-теңіз күштерінде 188 рет теңізге шығу жүзеге асырылып, кеме экипаждарының жалпы жүзу қашықтығы 25 мың теңіз милінен асты. Жыл барысында шамамен 4,5 мың жауынгерлік атыс және тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

СЕЙІЛЖАН МЕЙІРМАНОВ, ҚР ҚК БШ ЖДД АҒА ОФИЦЕРІ:
– Жыл ағымында «Айбалта», «Десант», «Жауынгерлік достастық», «Каспий бризі» сынды ірі жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық және арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Олардың барысында Қарулы Күштердің түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталып, соңғы жылдардағы әскери қақтығыстар тәжірибесін талдау негізінде әзірленген бөлімшелерді қолданудың жаңа үлгілері опровацияланды.
———————————————