«Qarmet» компаниясы аумағынан ұрлық жасау дерегі әшкерленді. Акцинерлік қоғамға қызмет көрсететін серіктестік басшысы күдікке ілінді. Қаржылық мониторинг агенттігі осылай хабарлады. Ол кәсіпорын аумағынан домна шлагын заңсыз шығарып отырған. Ұрланған өнім көлемі 31 мың тоннаға жеткен. Ал жалпы шығын көлемі 1,8 млрд теңгеден асады. Күдікті екі айға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы – «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті С.Н. Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.