Қарағанды полицейлері әккі ұрыны ұстады. Ол ел ішіндегі ірі қалаларда ұрлық жасап, қолға түспей жүрген. Тергеу барысында күдіктінің Астана, Шымкент және Тараз қаласында із қалдырғаны анықталды. Соңғы рет сауда үйінде қолды болған ұялы телефон иесінен түскен шағымнан кейін, тәртіп сақшылары оның ізіне түскен. Ізкесушілер бейнебақылау камерасындағы жазбаны мұқият зерделеп, куәгерлермен сөйлескен. Қырағы жұмыс нәтижесінде, әккі ұры қолға түсті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.