Қазақстанда «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанғалы ұстаздардың мәртебесі жоғарылаған. Бұған дейін педагогке құрметсіздік таныту жиі кездесетін. Мәселен, мұғалімдерді кәсіби міндетіне жатпайтын кез келген жұмыстарға тарту, еріктен тыс баспасөзге жаздырту, концерт билеттерін сатып алуға немесе түрлі іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу. Тіпті соңғы жылдары әлеуметтік желі арқылы педагогтың ар-намысына нұқсан келтіру жағдайлары да кездесетін. Ал соңғы жылдары педагог құқығын бұзу дерегі азайған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.