Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары еліміздің жеті қаласындағы әуе айлағынан бір мезгілде көкке көтерілді. Әскерилер мұны халық қаһарман, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арнады. Оқу-жаттығуға әскери-көліктік, жойғыш ұшақтар, сондай-ақ тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Жеке құрам даңқты қолбасшының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Ұшуды басқару пунктінде Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған естелік бұрыш ұйымдастырылды. Әскери басшылық бұл іс-шараның ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жауынгерлік дәстүрді жалғастырудағы маңызын атап өтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.