Елімізде клиникалық тәжірибеге алғаш рет тың тәсіл енгізілді. Мәселе эмбриондарды генетикалық тестілеуге қатысты болып отыр. «Бұл – әлемдегі ең озық және дәл молекулярлық-генетикалық диагностика әдісі», — дейді мамандар. Жаңа әдіс эмбрионды жатырға көшіру алдында хромосомалық ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ЭКО бағдарламасының тиімділігін арттырып, жүктіліктің ерте кезеңдеріндегі қауіпті азайтады. Қазақстанда жыл сайын шамамен 400 мың бала дүниеге келеді. Олардың 1 пайызына жуығында туа біткен кемшілік анықталады. Жаңа технология осы мәселені азайтуға септігін тигізеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.