Қазақстанда кибералаяқтық белең алып барады. Оның шырмауына қарапайым азаматтар ғана емес, ірі компаниялар да түсіп жатыр. Тіпті сақтандыру компаниялары да. Осы ретте Freedom Insurance алаяқтық схемаларды анықтау, адал клиенттерді қорғау және сақтандыру саласын барынша ашық әрі әділ ету үшін жасанды интеллектіге негізделген әзірлемелерді қолданып келеді.
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, биылғы жылдың сегіз айында қазақстандықтар алаяқтарға 16,8 миллиард теңге аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көп. Алаяқтық әрекеттермен сақтандыру компаниялары да бетпе-бет келіп отыр. Кейбір клиенттер шын мәнінде болмаған жол-көлік оқиғасы үшін өтемақы алуға тырысады. Осындай схемаларға қарсы тұру үшін Freedom Insurance жасанды интеллектке негізделген заманауи антифрод шешімдерді, соның ішінде технологиялық серіктестермен бірлесіп әзірленген жүйелерді енгізіп жатыр.
АЛЕКСАНДР ТУЛЕШОВ, «FREEDOM INSURANCE» СК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазір камералар бізге жол-көлік оқиғасының шын мәнінде болып-болмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни сақтандырушы көрсеткен уақытта көліктер расымен сол жерде болғанын тексереміз. Бұдан кейін жүйе оқиғаға дейінгі және кейінгі фотосуреттерді көруге мүмкіндік береді. Біз көліктің бұған дейін зақымдалмағанын, тек кейін зақым келгенін талдаймыз. Бұл – 100 пайыз расталған сақтандыру жағдайы.
Антифрод-талдау сақтандырушыларға көлікті қалай қолдану керегі туралы толық мәлімет береді: жолда қаншалықты жиі жүргені, қандай жағдайда қолданылғаны, расталған оқиғалардың бар-жоғы. Барлық дерек дербестендірілмеген әрі жинақталған түрде қолданылады және жасанды интеллектіге негізделген скорингтік модельдің бір бөлігіне айналады. Мұндай технологиялар Freedom Insurance компаниясына тәуекелдерді дәлірек бағалауға, ерікті сақтандыру полистерінің құнын дұрыс есептеуге және жүргізушілердің жеке деректеріне қол сұқпай-ақ күмәнді жағдайларды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
БАЛҒЫН МАХАМБЕТОВА, «FREEDOM INSURANCE» СК» АҚ КЛИЕНТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:
— Өтінім түскеннен кейін сақтандыру компаниялары оны өңдеу барысында жасанды интеллектіні қолданады. Олар алаяқтық емес екенін, фотосуреттердің шынайылығын анықтауы керек. Яғни жүйе PDF-құжаттарды да оқи алады. Сонымен қатар қазір Қазақстанда жол-көлік оқиғалары бойынша фотосуреттер арқылы зақымдарды анықтайтын сервистер іске қосылып жатыр. Соның арқасында тексеру актісін осы жүйелер арқылы бірден дайындауға болады.
Freedom Insurance цифрлық өнімдер мен автоматтандыруға басымдық беріп отыр. Жасанды интеллект, big data және заманауи аналитикалық шешімдер компанияға сақтандыру жағдайларын әлдеқайда жылдам әрі нақты реттеуге мүмкіндік береді. Компания өкілдерінің айтуынша, жасанды интеллект – бұл адал әрі заманауи сақтандырудың құралы. ЖИ-шешімдер алаяқтарды анықтауға, шығындарды азайтуға және Қазақстандағы сақтандыру нарығының жаңа стандартын қалыптастыруға көмектеседі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.