Қосшыда алғаш рет жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Қосшы қаласында алғаш рет жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Осы сәтті тамашалауға екі мыңнан астам тұрғын жиналды. Астананың серіктес қаласы мәртебесін 4 жыл бұрын алған Қосшыда биіктігі 15 метр болатын жаңа жылдық шырша орнатылды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жұрт шыршаны айнала биледі, кейін мерекелік отшашу болды. Жаңа жыл шамдарын жағу рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысып, халықты алдағы мерекемен құттықтады.
———————————————