Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
«QARMET»-ТІ ТОНАДЫ
«Qarmet»-ті тонап кетті. Күдікті кәсіпорын аумағынан 1,8 млрд теңге болатын домна шлагын ұрлаған. Өнімнің жалпы көлемі 31 мың тоннадан асады. Серіктестік басшысы екі айға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстанда соңғы 6 жылда педагог құқығын бұзу фактісі үш есе азайды. Мамандар бұған «Педагог мәртебесі туралы» заң әсер етті деп отыр. Айталық, 2020-2022 жылдары мұғалімдерге қатысты 111 заң бұзу дерегі тіркелсе, соңғы уақытта бұл 38-ге дейін азайған.
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫНА ҚҰРМЕТ
Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары еліміздің жеті қаласындағы әуе айлағынан бір мезетте көкке көтерілді. Әскерилер бұл оқу-жаттығуды халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арнады.
МЕДИЦИНА ЖЕТІСТІГІ
Елімізде клиникалық тәжірибеге алғаш рет тың тәсіл енгізілді. Мәселе эмбриондарды генетикалық тестілеуге қатысты болып отыр. «Бұл – әлемдегі ең озық және дәл молекулярлық-генетикалық диагностика әдісі», — дейді мамандар.
АЛҒАШҚЫ ШЫРША
Қосшы қаласында алғаш рет жаңажылдық шырша шамы жағылды. Осы сәтті көруге екі мыңнан астам тұрғын жиналды. Шағын қалада биіктігі 15 метр болатын жасыл желек орнатылды.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.