Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы есімін ұлықтау жалғасып жатыр. Астанада даңқты қолбасшының 115 жылдығына орай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Оған «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, жастар ресурстық орталығының волонтерлері мен елорданың белсенді жастары қатысты. Қыз-жігіттер батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, оның ерлігі ел тарихы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде зор маңызға ие екенін атап өтті.
Айта кетейік, батыр ескерткіші Астанадағы Бауыржан Момышұлы даңғылы бойында 2008 жылы ашылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.