Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы оқиға қала маңындағы Томарлы ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Үй ішінен 67 жас шамасындағы ерлі-зайыпты және 72 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері осылай хабарлады. Үшеуі де жедел қызмет келгенге дейін қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен ақау шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.