Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті. Оқиға Шаған өзені бойындағы Октябрьское ауылы маңында болған. Жүргізуші айналма жолмен жүруге ерініп, мұз үстімен төтелеп өтпек болған. Алайда жұқа мұз көліктің салмағын көтере алмай, ойылып кеткен. Көлік жүргізуші дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар мұзды кесіп, сүңгуірлер арқан бекітіп, көлікті судан сүйреп шығарды. Күштік құрылымдарды әбігерге салған жүргізушіге 13 мың 800 теңге айыппұл салынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.