Абай облысында аула ішінде балаларды қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот жалғасып жатыр. Прокурор соттан айыпталушыға 9 жарым жыл жаза тағайындауды сұрады.
Еске салайық, тамыз айында Семей қаласына қарасты Бестерек ауылында жүргізуші аула ішінде ойнап жүрген алты баланы қағып кеткен. Төрт бала қаза тапты. Алдыңғы сот отырыстарында жүргізілген сараптаманың қорытындысы жарияланған. Айыпталушының эпилепсия ауруына шалдыққаны анықталды. Бұл диагноз оған 2013 жылы қойылған, әрі дерт айына 2-3 рет қайталанып отырған. Зардап шеккен тарап айыпталушының әйелін де жауапкершілікке тартуды сұрайды. Олардың айтуынша, жұбайы күйеуінің ауру екенін біле тұра, оның көлік тізгіндеуіне тыйым салмаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.