2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады. Алғашқы рет және қолдану мерзімі аяқталып, екінші рет алған кезде де мемлекеттік алымды төлеудің қажеті жоқ. Жалпы, биыл қазақстандық төлқұжаттың күші арта түсті. Көші-қон комитеті миграция мен құжат рәсімдеу аясында тұрақты қызмет етіп келеді. Сала мамандарының дерегінше, жыл басынан бері 1,9 млн жеке куәлік, 1,1 млн төлқұжат берілді. Оның сыртында 303 мың балаға төлқұжат рәсімделді.
———————————————