Алматыда ұшқышсыз жеткізу қызметі іске қосылады

Алматыда қаңтардың бірінен бастап ұшқышсыз жеткізу қызметі іске қосылады. Пилоттық жоба бойынша, салмағы 10 келі болатын затты дрон әр үйдің терезесіне дейін жеткізіп береді. Жасанды интеллект министрлігі мен Freedom Лайфстайл компаниясы осындай келісімге қол қойды. Қанатқақты жоба көктемге дейін жалғасады. Дрон тек күндіз және күн райы қолайлы болса ұшырылады. Жеткізу қызметі саябақтарға басымдық бермекші. Бұл – тұрғындарды беймезгіл мазаламас үшін қолға алынып отырған шара. Мамандардың айтуынша, дрондар интернет болмай қалса да ұша алады. Қазір қондырғыны басқаратын операторлар оқытылып жатыр. Жоба зертханалық жағдайда сынақтан өткізілген.
———————————————