Freedom Insurance жол апатын онлайн рәсімдейтін DTP.kz сервисін әзірледі

Freedom Insurance цифрлық сақтандыру компаниясы әрі сақтандыру саласындағы жоғары технологияларды дамытуда көшбасшылардың бірі – Қазақстанда жасанды интеллектке негізделген цифрлық сақтандыру шешімдерін енгізіп жатыр. Компания адам факторын барынша азайтатын онлайн өнімдерді белсенді түрде дамытып, Big Data мен ғарыштық технология элементтерін қолданады.
Кептеліс пен жолдағы оқиға – уақыт жоғалтудың негізгі себебі. Freedom Insurance сарапшылары кептеліс салдарынан Алматы 600 миллион теңгеге дейін шығынға ұшырағанын айтып отыр. Бұған жол апаты кезінде көліктің ұзақ уақыт тұрып қалуы да әсер етеді екен. Ал цифрлық сақтандыру сервисі мен жасанды интеллект қолдану уақытты едәуір қысқартады.

АЛЕСЯ НУГАЕВА, УРБАНИСТ-ЗЕРТТЕУШІ, «GOROZHANYM» ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Иә, сөзсіз, цифрландыру жол-көлік оқиғаларын барынша жылдам тіркеуге мүмкіндік береді, тіпті тек жол-көлік оқиғасы ғана емес, жол қозғалысына қатысушы жіберетін бұзуды, сонымен қатар жобалау кезінде кеткен қателіктерді де көруге жағдай жасайды. Белгілі бір учаскеде апат жиі болатынын байқасақ, бұл әрдайым тек жүргізушілердің кінәсі бола бермейді. Мүмкін, ол жерде апат жиілігіне әсер ететін объективті кедергі, себеп бар шығар.

Freedom Insurance цифрлық өнім мен процестерді автоматтандыруға басымдық бере отырып, полициясыз 20-25 минут ішінде жол апатын рәсімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама құралын дамытуды қолдайды. Онлайн сервис пен жасанды интеллект алгоритмі адам факторын азайтып, жүргізушілердің жолды тезірек босатуына және қаладағы қозғалыстың жылдам қалпына келуіне ықпал етеді.

ЕРҚАНАТ ЗАИТОВ, VISION ZERO COMMUNITY ӨКІЛІ, БҰҰ-ХАБИТАТ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСШІСІ:
— Барлығын жасанды интеллекттің көмегімен оңтайландыруға болады, себебі ол бәрін автоматты түрде орындайды, уақытты үнемдейді. Адам факторы міндетті түрде бар, өйткені адам ұзақ толтыруы мүмкін, қателесуі мүмкін. Ал жасанды интеллектімен бұл мәселе барынша азайтылады, себебі барлық процесс дерек базасымен тікелей жүзеге асады.

Осы қағидаттарға сүйене отырып, Freedom Insurance DTP.kz цифрлық сервисін әзірледі. Ол жол апатын онлайн рәсімдеуге, артық рәсімсіз сақтандыру төлемін бес күн ішінде банк картасына алуға мүмкіндік береді. Сервистің негізінде деректерді автоматты түрде талдап, процесті жеделдететін жасанды интеллект алгоритмі жатыр.

АЛЕКСАНДР ТУЛЕШОВ — «FREEDOM INSURANCE» СК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазір біз жасанды интеллектіні залал мөлшерін анықтауға енгізу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бастапқы кезеңде бұл автокөліктегі ақауды анықтайды. Бұл Еурохаттамаға өте жақсы бейімделеді, себебі мұнда жылдамдық пен жеделдік қажет. Бізде оқиға орнында бірден түсірілген фото және бейнематериал бар. Сонымен қатар VIN-код арқылы жүйелерден деректер сұратып, қосалқы бөлшектердің нөмірлерін алып, нәтижесінде залалдың дайын құнын шығара аламыз.

Жасанды интеллектке негізделген Freedom Insurance цифрлық сақтандыру шешімдері еліміздегі ақылды қаланы дамытуға қосылған үлес. Компания жоғары технологиялы сақтандыру өнімдерін жүйелі түрде дамытып, ЖИ, Big Data және заманауи аналитикалық құралдарды қолданады. Бұл шешім кептелісті азайтуға, жол қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілердің күнделікті сапарларын анағұрлым жайлы етуге көмектеседі.
———————————————