Жаңа жылда отбасымен бірге қандай кино көрейін десеңіздер, «Жетінші арнаны» қосыңыздар. Біздің арна төрт күндік демалыста ең үздік қазақстандық фильмдерді көрермен назарына ұсынғалы отыр. 31 желтоқсанда сағат 18:30-да мерекелік дастарқанды жайып жүріп, Дариға Бадықованың аты шулы «Таптым-ау сені 2» комедиясын көріңіздер. Ал 2 қаңтарда сағат 14:50-де «Еркебай» көркем фильмін балалармен бірге отырып, тамашалауға болады. Ол – әлемдік классика «Один дома» киносының отандық нұсқасы. 3 қаңтарда телевизияда тұңғыш рет Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақ әлемі» жаңа фильмі көрсетіледі. Фантастика жанрындағы бұл кино «Жетінші арна» эфирінде кешкі сағат алтыда басталады. Ал Жаңа жылдың алғашқы күні – 1қаңтарда сағат 19:20-да Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» драмасы ұсынылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.