Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды | 29.12.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ГАЗДАН УЛАНДЫ
Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды. Газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен ақау шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

БЕСТЕРЕК СОТЫ
Абай облысында алты бірдей баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот жалғасып жатыр. Прокурор күдіктіні 9 жыл 6 айға соттауды сұрайды.

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ АПАТ
Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті. Жүргізуші айналма жолмен жүруге ерініп, мұз үстімен төтелеп өтпек болған. Жұқа мұз көліктің салмағын көтере алмай, шынытап кеткен.

ҚҰРЫЛЫС ТАЛАБЫ КҮШЕЙЕДІ
Енді нысанды салған құрылыс компаниясы оған 10 жыл бойы кепілдік беруге міндетті. Мәжіліс депутаттары «Құрылыс кодексін» егжей-тегжейлі талқылап, Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Құжатта сапа мен қауіпсіздікті мемлекет бақылауына беру көзделген.

КЕНШІ ӨМІРІ
Шахта тереңінен сахна биігіне дейін. Кеніште еңбек ететін қарапайым жұмысшы жер астындағы қауіпті өмірді TikTok арқылы көпшілікке жария етіп жүр.