Астанада 100-ден астам жол апаты тіркелді

Астанада қоғамдық көлік қозғалысы қиындап, 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Полиция өкілдері жүргізушілерді жолда абай болуға және қажетсіз жағдайда жолға шықпауға шақырады. Қолайсыз ауа райы елорда әуежайының жұмысына да әсер етті. Бірнеше рейс кейінге шегерілді. Қазір қалада жаңбыр жауып тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» жолға шықпас бұрын 1414 нөміріне қоңырау шалып немесе ресми сайттан жаңартылған ақпаратты қарауды ескертеді.
———————————————