SERPIN ASTANA EXPO көрмесіне дайындық басталды

Астанада келер жылы өтетін халықаралық SERPIN ASTANA EXPO көрмесіне дайындық басталды. Жоба көлік-өнеркәсіп саласын дамытуға және Президент Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған. Қатысушыларға көрменің стратегиялық жоспарлары, тұжырымдамасы, сондай-ақ ұйымдастырушылық және құқықтық дайындық кезеңдері таныстырылды. Халықаралық көрмеге жол-құрылыс және тау-кен техникасын, коммерциялық және жеңіл автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді, жабдықтар мен сервистік шешімдерді өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға біріктіреді. Көрме аясында инновациялар мен цифрлық технологияларға — жасанды интеллектті қолдану, автоматтандыру және өнеркәсіп пен көлік саласындағы «ақылды» шешімдерге ерекше назар аударылады.
———————————————