«Жетінші арна» көрерменге Мосфильмнің «алтын» қорындағы фильмдерді ұсынады

Жыл сайын моншаға баратын Женя Лукашин, тапқыр Шурик, ақкөңіл Доцент және сүйкімді Иван Грозный. Жаңа жыл – әр үйде таныс сөздер айтылып, экраннан сүйікті кейіпкерлер көрінетін ерекше уақыт. 31 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін «Жетінші арна» көрерменді Мосфильмнің «алтын» қорындағы фильмдермен үлкен жаңажылдық саяхатқа шақырады. Бұл – жыл сайын қайта-қайта көрсе де жалықтырмайтын, бүкіл отбасымен бірге қызықтайтын, қанша жыл өтсе де бірнеше буынға жаңажылдық көңіл күй сыйлап келе жатқан туындылар.

АЙТОЛҚЫН ЫБЫРАЙ, ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРІ:
– Бұлар «Джентельмены удачи», «Ирония судьбы, или С легким паром», «Иван Васильевия меняет профессию», олардан өзге «Кавказская пленница» және «Новое приключения Шурика» фильмдері тағы бар. Әдетте бұл фильмдерді ел отбасы болып бірге көреді. Оларсыз Жаңа жылды елестетудің өзі қиын.
———————————————